01.07.2009, 16:49 2976

Израиль мен Палестинаның "Хезболла" және "Хамас" ұйымдары арасында келіссөздер жүргізілуі мүмкін емес - Израильдің Бас раввині

Израиль мен Палестинаның "Хезболла" және "Хамас" ұйымдары арасында келіссөздер жүргізілуі мүмкін емес - Израильдің Бас раввині

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Израиль мен Палестинаның "Хезболла" және "Хамас" ұйымдары арасында келіссөздер жүргізілуі мүмкін емес. Бұл туралы бүгін Израильдің Бас раввині Йона Мецгер Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі барысында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

""Хезболла" және "Хамас" ұйымдарына келсек, біз үшін сөйлесетін, келіссөздер үстелінің басына отыратын, әлдебір мәселе төңірегінде келісуге талпынатын ешкім жоқ, өйткені, ортақ тіл табысу мүмкін емес", - деді дін қайраткері.

"Бір өкінерлігі, әсірге ешқандай да келіссөздер жүргізуге мүмкіндік жоқ, оған себеп, "Хамас" пен "Хезболланың" экстремистері мүлдем басқа тілде сөйлейді: бұл - террор тілі, соғыс тілі, жарылыстар мен от-жалындар тілі, жауластық тілі", -деді Й. Мецгер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны