10.07.2006, 18:09 3274

Израиль президенті Қазақстанға келмек

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Израиль президенті Моше Кацав таяу уақыттарда Қазақстанға келмек. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтан шақыру алған Израиль жетекшісі Қазақстанның осы елдегі елшісі Вадим Зверьковқа бүгін Иерусалимде сенім хатын қабылдау рәсімінен кейін құлағдар етті.

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, бүгінгі сұхбат барысында елші Израиль мемлекет басшысына Қазақстанның қазіргі дамуы, елдің сыртқы саясат саласындағы бастамалары, президент Назарбаевтың Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын пәрмендендіру бағытында алға қойған міндетті туралы хабардар етті. Ғылым және технологиялар, білім беру, туризм, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы тәрізді салалардға басымдық берілгені атап көрсетілді. “Өзара ынтымақтастықты жандандыратын бір сала – екі ел арасында тікелей әуе байланысын орнату”,- делінген СІМ-нің баспасөз баянында.

М.Кацав Қазақстан мен Израиль мемлекетінің Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымы мен Илемдік және дәстүрлі дін жетекшілерінің сьезі шеңберінде табысты қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Ол сонымен бірге қазіргі әлемде Қазақстанның ролі арта түскенін атай отырып, еліміздің даму қарқынына таңданыс білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны