22.06.2009, 18:26 2913

Израиль президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Израиль президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Израиль мемлекетінің президенті Шимон Перес 29-маусымда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сапар барысында Ш.Перес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді. Сапар аясында Израиль президенті Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезіне құрметті қонақ ретінде қатысады.

Ш.Перестің сапары барысында Астанада екі мемлекеттің іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтеді, сондай-ақ ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта игеру, екі елдің сыртқы саяси ведомостволары арасындағы өзара іс-қимыл тақырыбында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны