30.06.2008, 10:12 3869

Ядролық қаруды таратпау туралы келісім ядролық клуб мүшелерін ядролық арсеналдарын азайтуға, қарусыздануға құлшындырып отырған жоқ - Назарбаев

Ядролық қаруды таратпау туралы келісім ядролық клуб мүшелерін ядролық арсеналдарын азайтуға, қарусыздануға құлшындырып отырған жоқ - Назарбаев

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ядролық қаруды таратпау туралы келісім ядролық клуб мүшелерін ядролық арсеналдарын азайтуға, қарусыздануға құлшындырып отырған жоқ. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының жыл сайынғы 17-сессиясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ядролық қаруды таратпау туралы келісім асимметриялық сипатқа ие. Тек ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге санкция қояды да, ядролық клуб мүшелерін ядролық арсеналдарын азайтуға, қарусыздануға құлшындырмайды", - деді Н. Назарбаев.

Оның пайымдауынша, бұл әділетсіз. "Бұл әділетсіздік Ядролық қаруды таратпау туралы келісімнің орындалмауына алып келіп отыр", - деп атап көрсеті Елбасы.

Қазақстан президенті атап көрсеткендей, таратпау режиміндегі жаһандық қауіпсіздік жүйесі мүгедектікке жақын жағдайды бастан кешіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны