17.06.2006, 16:01 2752

Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге деген сенім азая түсуі мүмкін – Иран өкілі

АЛМАТЫ. 17-маусым. Kazakhstan Today. “Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге деген сенім азая түсуі мүмкін”. Иран Ислам Республикасы президентінің арнаулы өкілі – осы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Саидаббас Ирокчи бүгін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммитінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде Иран оның ядролық жобаларға қатысты барлық пікірлер мен көзқарастарға қосылумен бірге осы келісім аясындағы өз құқығын пайдалануға ниет білдіреді”,- деді ол.

“Бұл саясат еліміздің күн санап өсіп келе жатқан энергияға деген сұраныстарын қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға негізделген”,- деді С.Ирокчи.
“Біз барлық мәселелер бойынша Батыспен келіссөздер жүргізуге дайынбыз. Бірақ біз өз халқымызға ядролық қуатты бейбіт мақсатта пайдалануға тыйым сала алмаймыз. Жаңа шектеулер әділетсіз ахуалды одан бетер ушықтыра түспек”,- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны