30.06.2009, 16:03 7557

Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім жұмыс істемей отыр -Назарбаев

Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім жұмыс істемей отыр -Назарбаев

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім жұмыс істемей отыр. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Оның айтуынша, Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық қару арсеналынан бас тарту арқылы әлемге үлгі көрсеткен әзірге жалғыз мемлекет. Елбасы Қазақстанның бұл қадамынан, бір өкініштісі, көптеген мемлекеттер үлгі алмағанын атап өтті. "Бұл саладағы халықаралық құқық тым әлсіз жұмыс істейді. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шарты құзырын жүргізе алмай отыр. Өйткені әлімдік қоғамдастық бұған ықпал жасай алмауда", деді Н. Назарбаев.

Президенттің пікірінше, "бес немесе он ядролық бомбаны сатып алу мемлекеттің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды".

"Ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстан ядролық қаруы бар мемлекеттерден өз қауіпсіздігіне кепілдік алды. Біз беделді мемлекетке айналып, елге ауқымды инвестициялар тарта алдық, соның арқасында бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең бір озық экономиканы құра алдық", - деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге ол, "Қазақстан аумағынан ешқандай да ядролық материал ешкімнің қолына түспейді", деп атап өтті.

"Қазақстанға қатысты айтатын болсақ, біздің аумағымыздан ешқандай да ядролық материал ешкімнің қолына түспейтін болады. Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау біз үшін өте маңызды әрі өткір мәселе. Қазақстан ядролық сынақтардың барлық ауыртпалығын сезінген ел. Илемдегі ірі полигондардың бірі - Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан ядролық сәуледен миллионан астам Қазақстан азаматы зардап шекті", деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны