19.04.2007, 16:48 3127

Ядролық материалдармен жұмыс істеуде екі жүзділік немесе екіұштылық болмауға тиіс - Тоқаев

АЛМАТЫ. 19 - сәуір. Kazakhstan Today. Ядролық материалдармен жұмыс істеуде екі жүзділік немесе екіұштылық болмауға тиіс. Бұл туралы бүгін Алматыдағы VI Еуразиялық медиа-форум барысында Қазақстан Республикасының парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ядролық материалдармен қалай жұмыс істеу қажеттігі тұрғысында қандай да бір екі жүзділік немесе екіұштылық болмауға тиіс. Яғни, ядролық материалдарды экспорттауға тиімді әрі ықпалды бақылау жасалуы қажет",- деді Қ. Тоқаев. "Бейбіт мақсатта өзіндік ядролық бағдарлама дайындамақ болған барлық елдер тиісті халықаралық институттар алдында, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің алдында есеп беруге , инспекторлармен ынтымақтаса отырып, өздерінің жоспарларын, бағдарламаларын көрсетуге тиіс",- деп атап өтті ол.

"Бұл Қазақстанға да қатысты. Біз жақын арада осында, Қазақстан аумағында атом электр станциясы салынатындығын айтудамыз, және де біз осы саладағы ынтымақтастыққа дайынбыз",- деп атап көрсетті Қ. Тоқаев. "Біз өздерінің ядролық бағдарламасына қатысты ойынға көшкен елдердің қандай тауқыметтерге тап келіп оытрғанын көріп отырмыз, бұл тұрғыда Қазақстан принциптік көзқарастан ауытқымайды, яғни, Ядролық қаруды таратпау туралы келісімді сақтау керек. Дегенмен осы келісімнің мазмұнына қатысты елеулі ескертулеріміз бар",- деп қосты ол.

"Ядролық қарудан бас тартуға қатысты бізде ешқандай да өкініш жоқ. Бұл біздің берік ұстанымымыз және біз Қазақстанның ядролық қару мен тиісті материалдарды таратпауға өзіндік оң үлесін қосып отырғандығын мақтан тұтамыз",- деп қайталады Қ. Тоқаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны