Қ. Саудабаев пен К.М. Бондевик ЕҚЫҰ шеңберінде адам құқықығын дамыту саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мәселесін талқылады
Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада 11 мамыр күні ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев біздің елімізге бітімгершілік қызметі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және еліміздің ЕҚЫҰ-да төрағалығын талқылауға келген Бейбітшілік пен адам құқықтары орталығының президенті, Норвегия Корольдігінің экс-премьер-министрі Кьель Магне Бондевикпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ хабарламасына сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, К.М. Бондевик Қазақстанның ел ішіндегі ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту саласындағы және халықаралық деңгейдегі ұстанымдылық принциптерін жүргізудегі үлесіне жоғары баға берді. Норвегиялық саясаткер сәуір айында Вашингтонда ядролық қауіпсіздік саммиті кезінде нақты айтылған, Қазақстанның және Елбасы Н. Назарбаевтың ядролық қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы үлесін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ны басқару секілді жауапты миссиясын атқарудағы тиімді және прагматикалық жұмыстары аталды. Иңгімелесуші тараптар Қазақстан барлық үш өлшем теңдігін қамтамасыз ету - әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық - ұстанымын ЕҚЫҰ қызметінде ұстанатындығын айтты. Алдағы уақытта ЕҚЫҰ жаупкершілік аймағындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды шара Президент Н. Назарбаевтың бастауымен осы жылы ұйым саммитін өткізу болуы мүмкін.
Сонымен қатар, Қазақстанның гуманитарлық өлшемдегі айтарлықтай шараларды қолға алып, жүзеге асыруы төрағалық кезеңінде республиканың ЕҚЫҰ-ның нақты осы саласына жаңа серпіліс беруге бағытталғанын аңғартады. Атап айтқанда, келесі іс-шараларды қарастыруға болады: ЕҚЫҰ маңызды құжаттарының бірі - Копенгаген құжатының 20 жылдығына орай Дания астанасында маусым айында конференция жоспарлануда және Астанада ЕҚЫҰ-ның төзімділік пен кемістпеушілік жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясы.
Осы орайда Қ. Саудабаев пен К.М. Бондевик ЕҚЫҰ шеңберінде адам құқықығын дамыту саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мәселесін талқыға салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.