09.12.2008, 19:16 2812

Кабул қаласында 13 желтоқсанда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-ауғанстан үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді

Кабул қаласында 13 желтоқсанда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-ауғанстан үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Кабул қаласында 13 желтоқсанда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-ауғанстан үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді. Шараға аталмыш үкіметаралық комиссияның Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және сауда Вице-Министрі Еділ Мамытбеков бастаған делегация қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Отырыс барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, Қазақстан астық және мұнай өнімдерін Ауғанстанға жеткізу, ҚР Үкіметінің Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланбақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны