11.04.2011, 11:43 4036

Каддафи Африка одағының бейбітшілік жөніндегі ұсынысына келісті

Каддафи Африка одағының бейбітшілік жөніндегі ұсынысына келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - Каддафи Африка одағының бейбітшілік жөніндегі ұсынысына келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ливия басшысы Муаммар Каддафи Африка одағы елдерінің Ливиядағы әскери қақтығысты бейбіт жолмен шешу бойынша ұсынысын қабылдаған.

Бұл туралы Триполиге келіссөз жүргізуге аттанған делегацияның басшысы ОАР президенті Джекоб Зума мәлім етті, - деп жазады РБК.

Халықаралық ұйымның қандай ұсыныс жасағаны әлі белгісіз. Бұдан бұрын БАҚ көздерінде хабарланғандай, АҚШ әкімшілігі Каддафиге биліктен бас тартып, Африка одағының құрметті төрағасы болуды ұсынған.

Photo: ABC News

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны