Каир қаласында ЕҚЫҰ мен Жерорта теңіздері елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқылануда
Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Каир қаласында 14-15 желтоқсанда "Жерорта теңіздік әріптестер және ЕҚЫҰ: қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі ынтымақтастық" тақырыбындағы конференция өтеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
"Аталған іс-шара біздің мемлекетіміз үшін қорытынды болып табылады, себебі Қазақстан Жерорта теңіздік әріптестер тобында өзінің төраға лауазымын аяқтайды",- деді І.Омаров.
Конференция барысында қатысушалар ЕҚЫҰ жауапкершілік және Жерорта теңізі аймақтарда әскери-саяси аспектілер қауіпсіздігі, көші-қон процесстеріне дағдарыстың тигізер әсері және ЕҚЫҰ мен Жерорта теңіздері елдері арасындағы ынтымақтастық төңірегіндегі тақырыптарды талқылау жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.