09.09.2009, 14:12 3287

Қайрат Омаров ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Қайрат Омаров ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны