27.10.2006, 18:37 3291

Қалиев басқаратын жұмыс тобы қос палаталы парламентті қалдырып, сенат депутаттарының санын 48-ге дейін көбейтуді ұсынады

АСТАНА. 27-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның биліктің өкілетті органдарының құзыреті аясын кеңейту жөніндегі жұмыс тобы қос палаталы парламентті қалдырып, сенат депутаттарының санын 48-ге дейін көбейтуді ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қос палаталы парламент өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Сол себепті таяу болашақта сенатты таратудың қажеті жоқ",- деді бүгін жұмыс тобының отырысының қорытындысы бойынша оның жетекшісі, "Ауыл" партиясының төрағасы Ғани Қалиев.

Ғ.Қалиевтің айтуынша, "жұмыс тобы мемлекуеттік комиссия мүшелерінің соңғы отырыста ортаға салған ескертулеріне сәйкес сенат депутаттарының санын арттыруға қатысты өз ұсыныстарын түзетті". "Біз бұған дейін сенат депутаттарының санын 68 адамға дейін арттырулы ұсынған едік. Бұл көп болып шықты. Сол себепті қазір бұл с анды 48-ге дейін арттыруды ұсынып отырмыз. Бұл қабылдауға болатын ұсыныс",- деді ол. "Ир өңірден сенатқа екі адамнан сайлануы қажет, деті депутатты тікелей президент тағайындайды, тоғыз депутат Қазақстан халықтарының ассамблеясы, бейресми ұйымдар, ҰҒА мен басқа да қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен тағайындалады",- деді жұмыс тобының жетекшісі.

Сонымен бірге Ғ.Қалиевтің пайымдауынша, "Қазақстанда қазіргі жағдайда комиссияның кейбір мүшелері ұсынып отырған үкіметті парламенттік көпшіліктің негізінде қалыптастыру талабын қабылдауға болмайды". Сондай-ақ, ол үкімет басшысының кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен фракция ұсынуға тиіс деген норманы енгізу дұрыс емес деген пікірде.

"Бір партияның үні басым түсіп отырған қазіргі жағдайда мұндай ұсыныс жасау зиянды. Эмоцияның жетегінде нені де ұсынуға болады. Өзіміз осы партияны сынай отырып, өзіміз үкіметті жасақта, үкімет басшысын тағайында деп бәріне жол ашып береміз",- деп мәлімдеді "Ауыл" партиясының жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны