28.06.2010, 11:21 2539

Канадада G8 тарихындағы ең қысқа саммит болды

Саммитте дүниежүзілік дағдарысқа байланысты айрықша өзектілікке ие болған мемлекеттік қарыз бен бюджет тапшылығы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, есірткімен күрес жайы да айтылды. РФ президенті Дмитрий Медведев әлемдік есірткі саудасына қарсы күрестің жаһандық жоспарын қабылдауға ұсыныс білдірді.

Алматы. 28-маусым. Kazakhstan Today Канаданың Хантсвилл қаласында сенбі күні "Үлкен сегіздік" саммиті аяқталды. Ол бар болғаны бір жарым күнге жалғасып, тарихтағы ең қысқа саммит болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Вести.Ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Саммитте дүниежүзілік дағдарысқа байланысты айрықша өзектілікке ие болған мемлекеттік қарыз бен бюджет тапшылығы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, есірткімен күрес жайы да айтылды. РФ президенті Дмитрий Медведев әлемдік есірткі саудасына қарсы күрестің жаһандық жоспарын қабылдауға ұсыныс білдірді.

Сонымен қатар, саммитке қатысушылар Африкадағы гуманитарлық жағдайға арналған арнайы отырыс өткізді. Талқылауға Африканың жеті мемлекетінің, атап айтқанда, Алжир, Эфиопия, Мысыр, Малави, Нигерия, Сенегал және Оңтүстік Африка Республикасының басшылары қатысты.

Құрлықтың аса кедей елдеріне көмек мәселесіне баса назар аударылды. Бұл бірінші кезекте денсаулық сақтау саласына қатысты. G8 елдері балалардың шетінеуімен күреске шамамен $14 млрд жұмсаса, оның $75 млн Ресей қосатын болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны