11.02.2008, 19:11 2977

Қанат Саудабаев АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучермен кездесті

Қанат Саудабаев АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучермен кездесті

Астана. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучермен кездесті, деп хабарладйы агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қарусыздану, энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығы, сондай-ақ демократияны және азаматтық қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі үнқатысуы әріптестікті одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылатынын атап өтті.

"Қазақстан мен АҚШ-ты еркіндіктің, қауіпсіздіктің және өркендеудің ортақ құндылықтарына негізделген нағыз стратегиялық әріптестік тығыз байланыстарады. Исіресе, Қазақстан өзінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа сапалы кезеңіне қадам басқан бүгінгі күні біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайта және кеңейте түсу айрықша маңызды", - деп атап көрсетті Қанат Саудабаев кездесу барысында.

Тараптар басталуы ағымдағы жылдың көктеміне белгіленіп отырған Мемлекеттік-жеке әріптестік жөніндегі Қазақстан-американ бастамасы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жаңа серпін беруі тиіс екендігін атап өтті. Сонымен бірге, жоғары ғылыми және технологиялық әлеуетке ие АҚШ Қазақстан президентінің "Интеллектуалды ұлт - 2020" идеясын жүзеге асыруда негізгі серіктестің біріне айналуы мүмкін. Алдағы кезеңдегі ынтымақтастықтың маңызды бағыты Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға тиімді төрағалық етуіне әзірлік және мемлекет басшысы 6 ақпандағы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жария еткен "Еуропаға жол" арнайы бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны