12.10.2011, 09:22 4162

Қанат Саудабаев Канзас штатының губернаторымен кездесті

"Ядросыз әлем үшін" халықаралық форум аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Канзас штатының (АҚШ) губернаторы Сэм Браунбекпен кездесу өткізген.

Астана. 12-қазан. Kazakhstan Today - Қанат Саудабаев Канзас штатының губернаторымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше "Ядросыз әлем үшін" халықаралық форум аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Канзас штатының (АҚШ) губернаторы Сэм Браунбекпен кездесу өткізген.

Қазақстан-американ ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері жөнінде пікірлер алмасылды.

С. Браунбек Форумға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылы ішіндегі тамаша жетістіктерін атап өтіп, елдің ядролық қаруды қысқарту және таратпау саласындағы ерекше үлесіне тоқталды.

Иңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың ауыл шаруашылығы, машина жасау саласы және гуманитарлық салаларда тиімді дамып келе жатқаны атап өтілді.

Мемлекеттік хатшы Қ. Саудабаев пен губернатор С. Браунбек қазақстан-американ ынтымақтастығын нығайту жөніндегі күш-жігерді жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны