12.04.2010, 09:53 1511

Қанат Саудабаев Польша халқына және Смоленск қаласының түбінде ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Қанат Саудабаев Польша халқына және Смоленск қаласының түбінде ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Польша халқына және ішінде ел президенті Лех Качиньский болған Ресейдің Смоленск қаласының түбінде ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Мен Польша халқына және осы ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Осы ауыр сәтте біз сіздермен біргеміз", делінген хатта.

Еске сала кетейік, 2010 жылдың 10 сәуірінде Варшавадан Смоленск қаласына бет алған Польша президентінің ұшағы Смоленск қаласының әуежайына қонбақ болған кезде апатқа ұшырап, ұшақ ішінде келе жатқан ресми делегацияның 97 адамы қаза тапты. Олардың арасында Польша президенті Лех Качиньский, президенттің жұбайы Мария Качиньска мен елдің басқа да саяси және әскери элитасының өкілдері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны