16.01.2008, 16:05 1668

Каримов Өзбекстан парламентінің қос палатасының отырысында ант берді

Каримов Өзбекстан парламентінің қос палатасының отырысында ант берді

Мәскеу. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан президенттігіне сайланған Ислам Каримов, бүгін парламентің қос палатасының отырысында ант берді, деп хабарлайды агенттік РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ресей агенттігі хабарлағанындай, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирзаулуг Ибдусаламов И. Каримовке Өзбекстан президентінің құжатын және Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясының президенттікке сайланғаны жөнінде куәлігін тапсырды.

Каримов 2007 жылдың 23 желтоқсанында өткен сайлауда Өзбекстан президенті болып сайланды. Оған сайлаушылардың 88,1%дауыс берді.

69 жастағы И. Каримов 1990 жылдың наурыз айынан Өзбек ССР президенті қызметін атқаруда (Жоғары Кеңестің сессиясында сайланды). 1991 жылдың 29 желтоқсанында жалпы халықтық сайлауда Өзбекстан Республикасының президенті болып сайланды. 1995 жылы өткізілген жалпы халықтық референдумы президенттің құзырын 2000 жылға дейін созды. 2000 жылдың 9 қаңтарында қайтадан Өзбекстан Республикасының президенті болып сайланды.

2002 жылдың 27 ақпанындай өткізілген ұлттық референдум президенттің құзырын бес жылдан жеті жылға дейін ұзартты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны