10.09.2007, 11:43 1259

Каспий газ құбырын тарту жөніндегі келісім қазір дайын болды

Каспий газ құбырын тарту жөніндегі келісім қазір дайын болды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АЛМАТЫ. Каспий газ құбырын тарту жөніндегі келісімді дайындау жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлады сенбі күні "Газпром" басқармалары төрағасының орынбасары Александр Медведев.

"Бұл жұмыстар аяқталу сатысында", - деді А. Медведев Сиднейде өткен брифингте журналистер сауалына берген жауабында.

Turkmenistan.ru сайтының хабарлауынша, өткен бейсенбіде "Туркменгаз" мемлекеттік концернінің жетекшісі Ягшигельды Какаев мемлекет басшысының Каспий газ құбыры жобасының ахуалы жөніндегі сауалына жауап беру барысында Түрікменстан тарапынан мемлекетаралық уағдаластықтарды толық әрі жан-жақты орындау үшін барлық шаралардың алынғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың мамарында Түрікменбасы қаласында өткен үш жақты самитте Ресей, Қазақстан және Түрікменстан президентері - Владимир Путин, Нұрсұлтан Назарбаев және Гурбангулы Бердымұхамедов - Каспий газ құбырын салу туралы келіскен болатын. Газ құбыры Каспий жағалауын бойлай, Қазақстан мен Ресей арқылы Түрікменстан аумағы арқылы өтеді деп межеленген болатын. Жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасау, негізгі сипаттамасы мен жобаны жүзеге асыру мерзімі қарастырылған келісімге 1-қыркүйекке дейін қол қою жоспарланған.

Бірақ жуықта Ресейдің вице-премьері Сергей Нарышкин, үкіметаралық келісімге қатысты жасалып жатқан жұмыстар әлі аяқталған жоқ, деп мәлім етті. "Жұмыс жаз бойы қарқынды жүргізілді. Мен келісімге қол қою мерзімін атай алмаймын, бірақ біздің сарапшылар өте қарқынды режимде жұмыс істеп жатқандығын білемін",- деді ол.

Қазақстан президенті 11 - 12 қыркүйекте Түрікменстанға ресми сапармен барады. Бұл ақпаратты агенттікке президент әкімшілігіндегілер растады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны