11.09.2009, 18:10 2913

Каспий құбыр консорциумының қуаттылығын арттыру жобасын жылдың аяғына дейін бекіту қажет - Қазақстан президенті

Каспий құбыр консорциумының қуаттылығын арттыру жобасын жылдың аяғына дейін бекіту қажет - Қазақстан президенті

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Каспий құбыр консорциумының қуаттылығын арттыру жобасын жылдың аяғына дейін бекіту қажет. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орынборда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің елдердің жауапты органдары мен компаниялары барлық іс-шараларды аяқтап, Каспий құбыр консорциумының қуаттылығын арттыру жобасын жылдың аяғына дейін акционерлердің бекітуіне беруі қажет. Акционердер жоба бойынша барлық ұйымдастырушылық шараларын аяқтады. Енді осының барлығын ресми сипатқа көшіріп, аяқтап шығу қажет", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны