20.06.2007, 18:07 3388

Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті теңіз тауқыметтерін реттеуге қатысты саяси шешім қабылдауға тиіс - Тәжин

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті теңіз тауқыметтерін реттеуге қатысты саяси шешім қабылдауға тиіс. Бұл туралы бүгін Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің үшінші отырысындасөз сөйлеген ҚР СІМ Марат Тәжин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мекмеені ңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кездесуде Қазақстан, Изербайжан, Иран, Ресей және Түркіменстанның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Каспий маңы мемлекеттері басшыларының екінші саммитінің қорытынды құжаты -Декларация жобасын қарап, келісімдеуі және саммиттің өткізілетін уақыты мен күн тәртібін талқылауы көзделген.

Сыртқы істер министрлерінің бұл жолғы кездесуіне Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) аясында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны әзірлеуге қатысатын делегациялардың бесжақты консультациялары негіз болады.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны әзірлеу бойынша келісөздердің тұрақты істейтін тетігі 1996 жылы құрылған, Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобы болып табылады.

Бүгінге дейін АЖТ-ның 21 отырысы болып өтті. (Ең соңғысы 2007 жылы сәуірдің 23-24 күндері Ашхабадта болды). Каспий проблемасының жекелеген тұстары АЖТ отырыстарынан бөлек, екі жақты және үш жақты консультациялар аясында да талқыланады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспиийдің құқықтық мәртебесін анықтау бағытындағы келіссөздер 1992 жылы басталды. 1992 жылдан 1996 жылға дейінгі кезеңде Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлері орынбасарларының 5 кездесуі, сарапшылардың үш отырысы, сондай-ақ бірқатар екі жақты және үш жақты кездесулер болып, олардың барысында Каспий теңізіне байланысты жекелеген мәселелер талқыланды.

Бүгінге дейін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті (2002 жылы сәуірдің 23-24-і, Ашхабад) және сыртқы істер министрлерінің екі мәжілісі (1996 жылғы қарашаның 11-12-сі Ашхабадта және 2004 жылдың сәуірінің 6-сы, Мәскеуде) өтті.

ҚР СІМ-нің анықтамасына жүгінсек, Қазақстан Республикасы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы Каспийге БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясындағы теңіздің әртүрлі бөліктерінің режимдері мен еніне қатысты жеке ережелерін қолдану болып табылады.

Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан БҰҰ-ның аталған Конвенциясының ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуды ұсынады.

Сонымен қатар осы аймақтарда тиісті режимдерді анықтау қажет. Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы мемлекеттік шекара болуы тиіс. Ол жағалау мемлекетіне сол теңіз аумығының ішінде егемен құқықтарды толығымен пайдалануға және аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы аясында қауіпсіздіктің қосымша кепілдіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Балық аулау мен биоресурстарды пайдалануды тиісті аумақтарда және ашық теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары негізінде жүзеге асыру қажет.

Балық аулау аймағын, оның ені мен режимін Каспий маңы мемлекеттерімен келісе отырып, жеке санатқа бөліп шығару керек.

Осы мәселелер бойынша келіссөздер Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының аясында өткізілуде.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің мәселелері екі және үш жақты консультацияларда да келісілуде.

Сонымен қатар, келіссөздерде Каспийдің экожүйесін сақтап қалу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасын дамыту, минералдық және биологиялық ресурстарды игерудегі өзара іс-қимыл да сөз болады.

Салалық халықаралық шарттарды келісу үшін Тараптардың тиісті мемлекеттік органдарының уәкілдері деңгейінде Каспий маңы мемлекеттері сарапшыларының кездесулері өткізіліп тұрады.

2003 жылдың 4 қарашасында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойылды.

1998 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісім және 2002 жылдың 13 мамырында оған Хаттама жасалды.

2001 жылдың 29 қарашасында және 2003 жылдың 27 ақпанында тиісінше Қазақстан Республикасы мен Изербайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Изербайжан Республикасының арасындағы келісім және оған Хаттама жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей, Изербайжан арасында 2003 жылдың 14 мамырында Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды.

Қазіргі кезде Каспий теңізінің түбін межелеу бойынша жұмыстар Түркіменстанмен жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны