15.12.2006, 11:43 2910

Каспий теңізін қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшыларының саммиті Тегеранда 2007-жылдың бірінші тоқсанында өтеді

АСТАНА. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. Каспий теңізін қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшыларының саммиті Тегеранда 2007-жылдың бірінші тоқсанында өтеді. Бұл туралы бүгін Асатанада өткен баспасөз мәслихатында Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Каспийдің айналасындағы мемлекеттер басшыларының саммитін Тегеранда 2007-жылдың бірінші тоқсанында өткізуді көздеп отырмыз",- деді Иран СІМ.

"Біз Иран президентінің Қазақстан мемлекет басшысын осы саммитке шақырған шақыруын табыс еттік. Нұрсұлтан Назарбаев шақыруды қабыл алды және ол саммитке қатысады",- деді М.Моттаки.

Еске сала кетейік, Каспий теңізін қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшыларының бірінші саммиті 2002-жылдың сәуір айында Ашхабадта өтті. Каспийдің айналасында Изербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны