24.12.2008, 16:16 2787

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция мәтінінің 60% жуығы келісілді - ҚР СІМ

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция мәтінінің 60% жуығы келісілді - ҚР СІМ

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция мәтінінің 60% жуығы келісілді. Бұл туралы бүгін Каспий маңы елдерінің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясының жобасын әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының 24-ші отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Конвенцияның өзі әлі қабылданған жоқ, ол мемлекетаралық, мекемеаралық, үкіметаралық деңгейде келісу процессінен өтеді, сол себепті конвенция түпкілікті қабыланды деп айту ертерек",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны