28.08.2009, 18:06 2664

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы мәселе Қазақстан, Изербайжан, Ресей мен Түрікменстан мемлекет басшыларының Ақтауда өтетін бейресми саммиті барысында талқыланады деп күтілуде - Қазақстан елшісі

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы мәселе Қазақстан, Изербайжан, Ресей мен Түрікменстан мемлекет басшыларының Ақтауда өтетін бейресми саммиті барысында талқыланады деп күтілуде - Қазақстан елшісі

Баку. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы мәселе Қазақстан, Изербайжан, Ресей мен Түрікменстан мемлекет басшыларының Ақтауда 11-13 қыркүйекте өтетін бейресми саммиті барысында талқыланады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Изербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Серік Пірімбетов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Саммиттің күн тәртібін президенттердің өздері айқындайды, бірақ саммит барысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, энергетикалық ынтымақтастық жайлы мәселелер талқыланады деп болжауға болады", - деді елші.

Қазақстан мен Изербайжанның энергетикалық ынтымақтастығы жайына тоқталған елшінің айтуынша, қазір "ҚазМұнайГаз" ҰК мен Изербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы Қазақстанның мұнайын Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау үшін және басқа мұнай тасымалы инфрақұрылымын жасау үшін Қазақстанның Каспий құбыр жүйесін құру жобасын табысты жүзеге асыруда. Осыған байланысты бірлескен кәсіпорын құру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, елшінің айтуынша, Қазақстан Баку - Супса мұнай құбырымен өз мұнайын айдау мүмкіндігі бойынша мүдделі тараптармен арадағы талқылауларды одан әрі жалғастыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны