14.04.2008, 19:07 3053

Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы 15-16-сәуірде Тегеранда өтеді

Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы 15-16-сәуірде Тегеранда өтеді

Баку. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі негіздемелік конвенцияның жобасын жасау жөніндегі арнаулы жұмыс тобының сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі кезекті отырысы 15-16-сәуірде Тегеранда өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Изербайжан СІМ-не сілтеме жасап.

"Изербайжан делегациясын бұл кездесуде Изербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов басқарады. Отырыс екі күнге созылады. Кездесу кезінде тараптар Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі конвенцияның келісілмеген тұстар бойынша пікір алмасады", - деп хабарлайды СІМ.

Сонымен бірге осы жүздесу аясында Каспий теңізінің мәртебесі бойынша екі жақты әзербайжан-иран және әзербайжан-түрікмен келіссөздері жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны