04.07.2008, 16:28 2713

Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы Бакуде 23-24 шілдеде өтеді

Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы Бакуде 23-24 шілдеде өтеді

Баку. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының Каспий теңізін қоршай орналасқан елдердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі кезекті отырысы Бакуде 23-24 шілдеде өтеді. Бұл туралы Қазақстанның Изербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Серік Пірімбетов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы Бакуде 23-24 шілдеде өтеді. Онда Каспий теңізінің мәртебесі және теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі мәселелер талқыланады. Каспий теңізінің бетіне қатысты мәселе бойынша Ресей, Қазақстан және Изербайжан арасында проблема жоқ, проблема тек Иран мен Түрікменстанмен ғана болып тұр, бірақ, қазір Түрікменстанмен бұл мәселе бойынша жақындаса бастадық, енді тек Иран ғана қалды", - деді С. Пірімбетов.

Оның айтуынша, бұл отырыс Каспий маңы елдерінің тағы да осы Бакуде өтеді деп межеленген мемлекет басшыларының саммитіне дайындық сипатында ғана болмақ.

"Қазақстан Каспийді әскерилер мен қарудан арылту принципін қолдайды. Біздіңше жағдайды ушықтырудың ешбір қажеті жоқ. Каспийде бес мемлекеттің әскери-теңіз күштерін құрудың қажеті жоқ. Ең бастысы, Каспийде үшінші елдердің флоты болмауы керек, онда тек теңіз жағалауындағы бес елдің ғана флоты болуға тиіс. Біз бұл ұстанымнан алдағы уақытта да бас тартпаймыз", -деді дипломат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны