23.07.2008, 15:00 2513

Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының отырысы қыркүйекке дейін кейінге шегерілді

Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының отырысы қыркүйекке дейін кейінге шегерілді

Баку. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияның жобасын жасау жөніндегі арнаулы жұмыс тобының Каспий маңы елдерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі кезекті отырысы қыркүйекке дейін кейінге шегерілді. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Изербайжан СІМ хабарлады.

"Отырыс 23-24 шілдеде Бакуде өтеді деп межеленген болатын, бірақ, жұмыс тобы мүшелерінің жұмыс кестелерінің сәйкес келмеуіне байланысты кейінге шегерілді", -деп хабарлайды СІМ.

Арнаулы жұмыс тобының отырысы қыркүйектің басында өтеді деп болжануда, деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны