25.03.2010, 17:14 3309

Каспий теңізінің саяси мәртебесін айқындау үшін ғылыми ұйым құрылды

Каспий теңізінің саяси мәртебесін айқындау үшін ғылыми ұйым құрылды

Алматы. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Каспий теңізінің саяси мәртебесін айқындау барысын жеделдету үшін ғылыми ұйым құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РБК daily" газетіне сілтеме жасап.

Ғалымдар Каспий теңізінің саяси мәртебесін айқындау барысын жеделдету амалын ойлап тапты. Өңірді зерттеу үшін ғылыми ұйым құрылды, оның іс-қызметіне Каспий теңізін қоршай орналасқан барлық мемлекеттердің өкілдері бірдей қатысады. Соның нәтижесінде Каспий теңізі бойынша біртұтас ақпараттық база құрылады. Сөйтіп, саясаткерлер ресурсты қандайбір мемлекеттің пайдасына орай бөлетін тұста өздері алға тартатын аргументтерге ғылыми негіз немесе оны жоққа шығаратын негіз табады.

Каспий теңізі мен оның ресурсын әділеттілікпен тең бөлу мәселесінің бүгінгі күнге дейін басы ашық күйінде қалып отыр. Саясаткерлер бұл мәселе бойынша 2001 жылдан бері "қызыл кеңірдек" болса да, әлі ортақ пікірге келе алған жоқ. Ал ғалымдар диалогқа барынша ашық болып шықты. "Каспий теңізіндегі ғылым мен инновациялар" атты кеңес құрылуда. Оның тең төрағасы міндетін "ЛУКОЙЛ" директорлары кеңесінің төрағасы Валерий Грайфер атқарады. Перспективада ұйым барлық бес мемлекеттің ғалымдарын біріктіруге тиіс. Шешім тепе-теңдік негізінде қабылданатын болады.

"Каспий теңізіндегі ғылым мен инновациялар" кеңесі өңірдегі қоршаған орта мен потенциалдық ресурстарға жүйелік монторинг жүргізумен шұғылданатын болады. Ол үшін Каспий теңізінде жұмыс істейтін бұрғылау платформалары, кемелер, сүңгуір қайықтар мен пилотсыз ұшақтар арнайы зерттеу жабдықтарымен жарақтандыралады. Оған барлық қатысушы елдер келісімін береді. Оған ГЛОНАСС жүйесі негізге алыну мүмкіндігі бар. Бұл іске Байкал мен Арктиканы зерттеуге тартылған "Мир" терең су асты аппараттары қолданылмақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны