19.06.2008, 10:13 1337

Қазақ-Герман ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының OMV аясындағы алғашқы отырысы Берлинде өтті

Қазақ-Герман ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының OMV аясындағы алғашқы отырысы Берлинде өтті

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ-Герман ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының OMV (Ost- und Mitteleuropa Verein - "Шығыс және Орталық Еуропа" бірлестігі) аясындағы алғашқы отырысы Берлинде өтті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"17 маусымда Берлин қаласында "Шығыс және Орталық Еуропа" бірлестігінің аясында Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті", - деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

Хабарламада OMV құрамына Германияның 300-ден астам ірі және орта кәсіпорындары кіретіні айтылған. Олар Шығыс және Орталық Еуропа мен ТМД елдерінде экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамытып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны