08.06.2012, 11:55 2835

"Қазақмыс" пен "РусГидро" Қазақстанда шағын су электр станцияларын салу туралы келісімге келді

7 маусым күні Астанадағы РФ президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары аясында "Қазақмыс" тобы мен ресейлік "РусГидро" ААҚ арасында шағын су энергетикасы саласында серіктестік құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - "Қазақмыс" пен "РусГидро" Қазақстанда шағын су электр станцияларын салу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақмыс" тобы мен ресейлік "РусГидро" ААҚ ҚР-да жалпы қуаты 300 МВт-қа жететін шағын гидрогенерация нысандарын салуды қарастыратын келісімге қол қойды.

7 маусым күні Астанадағы РФ президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары аясында "Қазақмыс" тобы мен ресейлік "РусГидро" ААҚ арасында шағын су энергетикасы саласында серіктестік құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Құжатқа "Қазақмыс" тобының бас директоры Олег Новачук пен "РусГидро" ААҚ басқармасының төрағасы Евгений Дод қол қойды.

Бірінші кезеңде "Қазақмыс" пен "РусГидро" Алматы облысындағы жалпы қуаты 108МВт жеті шағын су электр стансасын салу мүмкіндіктерін қарастыруды көздеп отыр. Ары қарай қосымша шағын су энергетикасы нысандарын салып, шағын СЭС-тердің жалпы қуатын 300МВт-қа жеткізу жоспарлануда.

Еске сала кетейік, "Қазақмыс" компаниялар тобы Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші болып табылады әрі дүниежүзіндегі 10 көшбасшы мыс өндірушілердің қатарына енеді. Оның иелігінде 16 кеніш, 10 байытушы фабрика және мыс балқытатын өндірістік кешендер бар. "Қазақмыс" сондай-ақ алтын, мырыш, күміс, мұнай шығарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны