22.12.2009, 12:28 2657

Қазақстан 2009 жылды оң нәтижелермен аяқтайды - Назарбаев

Қазақстан 2009 жылды оң нәтижелермен аяқтайды - Назарбаев

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан 2009 жылды оң нәтижелермен аяқтайды. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Дағдарысқа қарамастан Қазақстан алға жылжуда. Біз әуел бастан дұрыс жолды таңдадық", деді мемлекет басшысы.

Президент шағын және орта бизнесті қолдауға, үлескерлерге көмек көрсетуге, тұрғын үй құрылысын жүргізуге тиісті қаржы игерілгенін айтты.

"Осыған қарамастан біздің алтынвалюта қорымыз өткен жылдың соңында 48 млрд АҚШ долларын құраса, бүгінде 52 млрд АҚШ долларына жетті. Яғни, жұмсалған шығындарға қарамастан қор қаржысы өсті. Ал жан басына шаққандағы резервтерге келсек, еліміздегі жағдай тұрақты, өте жақсы", деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны