26.03.2010, 18:19 2467

Қазақстан 2010 жылы Астанада Изербайжан мен Армения президенттерінің кездесуін өткізуді ұсынуда

Қазақстан 2010 жылы Астанада Изербайжан мен Армения президенттерінің кездесуін өткізуді ұсынуда

Алматы. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан қазіргі ЕҚЫҰ төрағасы ретінде 2010 жылы Астанада Изербайжан мен Армения президенттерінің кездесуін өткізуді ұсынуда. Бұл туралы бүгін Мәскеуде өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

"Мадрид принциптерінің негізінде нагорный-карабах шиеленісін реттеу аясында ЕҚЫҰ тобының жұмысына жан-жақты қолдау көрсететін боламыз және 2010 жылы Астанада Изербайжан мен Армения президенттерінің кездесуін өткізуге дайынбыз", -деді Қ. Саудабаев.

Ол атап өткендей, Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ына төрағалығы барысында Достастық елдерінің аумағындағы шиелерістерді реттеуде "оңды ағымдарды біртіндеп ілгерілетуге септігін тигізу үшін" бар күшін салатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны