07.11.2012, 09:46 2864

Қазақстан 2013 жылы Испаниямен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасына қол қоюды жоспарлап отыр

Астанадағы қазақстан-испан іскерлік кеңесінде экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 7-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан 2013 жылы Испаниямен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасына қол қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанадағы қазақстан-испан іскерлік кеңесінде экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің айтуынша, екі ел ынтымақтастығының әлеуеті әлі де толық ашылған жоқ. Мысал үшін, өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі бар-жоғы1,28 млрд АҚШ долларын құраған, оның ішінде экспорт көлемі - 1,14 млрд АҚШ доллары болса, импорт - 149,5 млн АҚШ долларын құраған. Сонымен қатар, Испания Қазақстан экономикасының негізгі инвестор елдері арасында 30-орында тұр (1993 жылдан 2012 жылдың 30 маусымына дейін 156,1 млн АҚШ доллар тартылған).

"Екіжақты қарым-қатынасты анағұрлым жоғары сапалы деңгейге шығару үшін көп жұмыс атқарылуы керек. Сондықтан да, үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың негізі болуы тиіс", - деп атап өтті Б.Жақсалиев.

Қазақстан Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде шетелдік инвесторларға өнеркәсіптің кез-келген басым саласында бірлескен жоғары технологиялық өндіріс құруды ұсынады. Осыған байланысты, Іскерлік кеңесте Қазақстан Испаниямен құрылыс және инфрақұрылым, баламалы энергетика, ақпараттық технология, металл өңдеу, жеңіл өнеркәсіп және туризм бағыттары бойынша бірлескен жобаларға қызығушылық танытуда екендігі атап айтылды.

Қазіргі кезде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасын әзірлеуде. Оған келесі жылы Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахойдың Қазақстанға сапары барысында қол қою жоспарлануда. Испандық компанияларға инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстарды енгізу ұсынылды.

Қазақстан-испан іскер кеңесін құру туралы меморандумға 2011 жылдың маусымында, Испания Үкіметінің Төрағасы Х.Л. Сапатероның Астанаға ресми сапары барысында қол қойылған болатын. Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтің 2012 жылғы 11-13 шілдедегі Испанияға сапары кезінде экономика және өнеркәсіп саласындағы қазақстан-испан үкіметаралық комиссиясының бесінші сессиясы, сондай-ақ қазақстан-испан Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өткен болатын. Кеңес құрамына екі елдің алдыңғы қатарлы компанияларының өкілдері енген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны