26.02.2007, 13:47 2548

Қазақстан ағымдағы жылдың ақпан айында Мысырға 175 мың тонна бидай жөнелтті

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан ағымдағы жылдың ақпан айында Мысырға 175 мың тонна бидай жөнелтті. Бұл туралы бүгін сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Мысыр үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы барысында Мысыр Араб Республикасының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі министрі Фаиза Абу Нага мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Мысырға 175 мың тонна бидай жөнелтті",- деді Фаиза Абу Нага.

"Екі мемлекет басшысының келіссөздері аясында былтыр Мысырға Қазақстаннан 225 млн АҚШ долларына 1,5 мон тонна бидай сату туралы уағдаластық жасалған",- деді министр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Мысыр президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Хосни Мубарак 7-қарашада Астанадағы кездесуінде Қазақстан астығын Мысырға жеткізу жөніндегі арнаулы комиссия құруға келіскен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны