25.06.2009, 15:39 2562

Қазақстан ағымдағы жылы Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі жаңа бағдарламаны қабылдауды жоспарлауда

Қазақстан ағымдағы жылы Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі жаңа бағдарламаны қабылдауды жоспарлауда

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ағымдағы жылы Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі жаңа бағдарламаны қабылдауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ қауіпсіздік форумында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембинов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жылы 2009 - 2011 жылдарға есептелген жаңа бағдарламаны қабылдау жоспарлануда, оған инфрақұрылымды дамыту, энергетика, студенттерді оқыту, мамандарды қайта дайындау секілді 30-дан астам бөлімнен тұратын жобалар қамтылады", - деді Б. Сембинов.

Ол бұған қоса Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі 2007 - 2008 жылдарға арналған бағдарламаның аяқталғанын атап өтті. "Бағдарлама аясында жол, мектеп және аурухана салу мен бидай жеткізуге $3 млн бөлінді", - деді ол.

Сонымен бірге, Б. Сембиновтың хабарлауынша, "Қорғаныс министрлігі Кабулға қауіпсіздікке жәрдем беру жөніндегі халықаралық күштер штабына офицерлерді жіберуге байланысты мемлекетішілік процедураларды бастады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны