04.02.2008, 17:38 3039

Қазақстан Андоррамен дипломатиялық байланыс орнатты

Қазақстан Андоррамен дипломатиялық байланыс орнатты

Астана. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Андоррамен дипломатиялық байланыс орнатты. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"31 қаңтарда Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Андорра Князьдығы арасында дипломатиялық байланыс орнатылды", - деді СІМ өкілі.

Екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнату туралы тиісті біріккен коммюникеге БҰҰ-ның жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Бірғаным Ийтімова мен БҰҰ жанындағы Андорраның тұрақты өкілі Карлес Фон Россел қол қойды.

"Бұл мемлекетпен арада дипломатиялық байланыс орнату тау шаңғысы туризмі, қызмет көрсету саласы, жеңілдетілген салық салу аймағын құру секілді салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік береді", - деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны