15.12.2006, 11:32 2982

Қазақстан Армения мен Катарда елшіліктер ашып, Сингапур мен Нидерландыдағы дипломатиялық миссияларын қайта құруда

АСТАНА. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Армения мен Катарда Қазақстанның елшіліктерін ашу, ал Сингапур мен Нидерландыдағы дипломатиялық миссияларды қайта құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мәселен, президенттің жарлығына сәйкес, Сингапур мен Нидерландыдағы дипломатиялық миссиялар Қазақстан Республикасының елшілігі болып қайта құрылады.

Қазақстанның Армениядағы елшілігі осы елдің астанасы Ереванда, ал Катардағы елшілік Дохада ашылады.

Жаңа елшіліктер "дипломатиялық қарым-қатынастарды нығайту" мақсатымен ашылып отыр.

Төрт жарлық 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны