12.10.2009, 17:29 3002

Қазақстан Армения мен Түркия арасында екіжақты қатынастарды дамыту туралы хаттамаларды қуаттайды

Қазақстан Армения мен Түркия арасында екіжақты қатынастарды дамыту туралы хаттамаларды қуаттайды

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Армения мен Түркия арасында екіжақты қатынастарды дамыту туралы хаттамаларды қуаттайды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 10 қазанда Цюрихте қол қойылған "Армения Республикасы және Түркия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы" және "Армения Республикасы және Түркия Республикасы арасында екіжақты қатынастарды дамыту туралы" хаттамаларды қуаттайды. Бұл оқиғаны біз Оңтүстік Кавказда бейбітшілікті, тұрақтылықты және бақуаттылықты қамтамасыз ету жолындағы шешуші қадам ретінде қарастырамыз",- делінген мәлімдемеде.

"Өз халықтарының жоғары мүдделерінен туындап отырған Армения мен Түркия басшылығының саяси батылдығы мен көрегендігіне Қазақстанда әділ бағаларын беруде. Біз Түркия мен Армения арасындағы бітімгерлік процестерге жаңа дем берген халықаралық дәнекерлер, олардың ішінде ең алдымен, ЕҚЫҰ-ның Минск тобының, Ресей, АҚШ және Франция сыртқы істер ведомстволары басшыларының атқарған жұмыстарын жоғары бағалаймыз. ЕҚЫҰ-ның келесі төрағасы ретінде Қазақстан қол жеткен уағдаластықтардың нығайып, дамуына жан жақты атсалысатын болады",- делінген мәлімдеме мәтінінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны