11.06.2012, 12:09 2569

Қазақстан Армения және Италиямен арада әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды

Қазақстан қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков Ереван мен Римге ресми сапары барысында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойды, деп хабарлады дүйсенбіде республиканың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Армения және Италиямен арада әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков Ереван мен Римге ресми сапары барысында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойды, деп хабарлады дүйсенбіде республиканың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Қазақстан мен Армения арасында маңызды құжатқа қол қойылды, бұл құжат әріптестікті жандандырады және қорғаныс саласында өз ара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап береді", деді И.Жақсыбеков Ереванда құжатқа қол қойылған соң, бұл туралы әскери ведомстводан таралған баспасөз қызметінің хабарламасында атап өтілген.

Хабарламаға қарағанда, И.Жақсыбеков Римге сапары барысында Италия қорғаныс министрі Джампаоло ди Паоламен кездесіп, үкіметаралық әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.

"Кездесу барысында Италия қорғаныс ведомствосының жетекшісі өз елінің Қазақстанмен арада әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға аса мүдделі екендігін атап өтті, оны итальяндық Республика қорғаныс министрлігінің Қазақстанда әскери атташат ашу шешімі растап отыр", делінген онда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны