26.06.2009, 11:50 1093

Қазақстан аумағында ядролық материалдардың банкін орналастыру - ядролық қару таратпау ісіне қосқан қомақты үлес болмақ - Тоқаев

Қазақстан аумағында ядролық материалдардың банкін орналастыру - ядролық қару таратпау ісіне қосқан қомақты үлес болмақ - Тоқаев

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының аумағында ядролық материалдардың банкін орналастыру - ядролық қару таратпау ісіне қосқан қомақты үлес болмақ. Бұл туралы бүгін Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік ассамблеясының "Роуз-Рот" семинарында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанның өз аумағында ядролық материалдардың банкін орналастыру жөніндегі бастамасы ядролық қару таратпау ісіне қосқан қомақты үлес болмақ", - деді Қ. Тоқаев.

Оның атап өткеніндей, "біздің өңірдегі бес мемлекеттің Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі келісім-шартына Семейде қол қоюының маңызы зор". "Бұл іс-шараны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері -Қытай мен Ресей қолдады", - деді Қ. Тоқаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, "президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 29 тамызды Бүкіләлемдік халықты жаппай қырып-жоятын қарудан бас тарту күні деп жариялау және оны БҰҰ қарауына ұсыну жөніндегі ұсынысы да дүниежүзілік қоғамдастықтың айрықша назар аударуына тұрарлық бастама болмақ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны