14.05.2009, 18:25 2818

Қазақстан, Беларусь және Ресей Кеден Одағын құруға қажетті құжаттардың 88 пайызын келісті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады. Бас хатшы Қазақстан, Беларусь және Ресей Кеден Одағын құру барысы туралы баяндады.Ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Кеден одағының кедендік кодекстерін бекітеді деп жоспарлануда.

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Т.Мансұров Қазақстан, Беларусь және Ресей Кеден Одағын құру барысы туралы баяндады.

Үш мемлекет барлық қажетті құжаттардың 88 пайызын келісті. Бүгінгі таңда қалған құжаттарды келісу бойынша үдемелі келіссөздер жүргізілуде.

ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы үкімет басшыларының алдағы маусым айында өтетін кездесуінде тағы 6 халықаралық шартқа қол қойылатынын хабарлады. Ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Кеден одағының кедендік кодекстерін бекітеді деп жоспарлануда.

"Жыл соңында сондай-ақ үкімет басшыларының отырысы өтіп, онда бірнеше тиісті құжаттар қабылданады. Бұл 2010 жылдың бірінші жартысында-ақ ЕурАзЭҚ аясында құрылған Кеден Одағының тетіктерін іске қосуға мүмкіндік береді", - деді Тайыр Мансұров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны