10.12.2010, 14:15 4503

Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі Декларацияға қол қойды

Кеден одағының Жоғарғы органының отырысы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Дмитрий Медведев Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі Декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 10 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеден одағының Жоғарғы органының отырысы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Дмитрий Медведев Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі Декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері 2010 жылды 9-желтоқсанындағы ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі отырыстарында Бірыңғай экономикалық қоғамдастығының аясында Бірыңғай экономикалық кеңістіктің келіссөз және құқықтық базасы құрылғандығын мәлім етті",- деп айтылған декларацияда.

2009 жылдың 19-желтоқсанында бекітілген Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі Жоспарға сәйкес, бұл құжаттар 2012 жылдың 1-қаңтарында күшіне енеді. Яғни, Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Бірыңғай экономикалық кеңістігі осы уақыттан бастап толыққанды жұмыс істей бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны