05.03.2007, 18:08 3632

Қазақстан Берлинде өтетін ITB -2007 халықаралық туристік биржасына қатысады

АСТАНА. 5-наурыз. 7 - 11 наурыз аралығында Берлинде жыл сайынғы кезекті ITB - 2007 Халықаралық туристік биржасы өтеді, оған Қазақстан Республикасы қатысады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ITB - әлемдегі туризм саласындағы ең ірі жәрмеңке болып табылады және ғаламдық деңгейдегі туризмнің барлық деңгейдегі қызметтерін, атап айтсақ, туристік операторлар, турагенттер, әуе тасымалдаушылар, қонақ үйлер, көлікті жалға беруші компаниялардан бастап жаппай таныстырады. Қазақстан 2001 жылдан бастап биржаға белсене атсалысып келеді. Осы жылы біздің еліміз республиканың туристік әлеуетін біртұтас экспозициямен таныстырады.

Қазақстанның аталмыш іс-шараға қатысу арқылы туристік мүмкіндіктерін насихаттау, еліміздің оң беделін нығайту, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік компаниялар арасындағы бизнес-ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздейді.

Аталмыш биржада Қазақстандық туристік ұйым мен 15 жетекші туристік компания ("Тұран Азия", "Скай Игл", "Ақжол Трэвэл" және басқа), 3 қонақ үй ("Отырар" Қонақ үш кешені" АҚ, "Достық" қонақ үй кешені, "Космонавт" қонақ үйі), "Алтын Емел" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, сонымен қатар "Эйр Астана" ұлттық әуе тасымалдаушысы Қазақстанды таныстырады.

Аталмыш іс-шара аясында Германия мен Қазақстанның ірі компанияларының қатысуымен Қазақстанның туристік әлеуетінің тұсаукесерін өткізу жоспарлануда.

Тұсаукесер рәсімінде Қазақстанның туристік саласын дамыту стратегиясы, сонымен қатар Маңғыстау облысындағы "Кендірлі" демалыс аймағын дамытудың мастер-жоспарының Маңғыстау облыстық әкімшілігі мен IPK Халықаралық консалтингтік компаниясы бірлесіп жасаған жобасы таныстырылады.

Сапар аясында Қазақстандық делегация басшысы, Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі Қобыланды Мусин мен Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінің халықаралық көлік және туризм саласындағы саясат жөніндегі департаментінің директоры Й. Эрнсттің кездесуі жоспарланған. Кездесу барысында Қазақстанның Дүниежүзілік туристік ұйымының атқару кеңесіне мүшелікке өту туралы өтінішін Германияның қолдауы жөніндегі мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны