02.10.2006, 12:45 3062

Қазақстан Болгарияға қайырымдылық көмек көрсетті

АСТАНА. 2-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан 2005-2006-жылдарда болған су тасқындарына байланысты Болгарияға қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл шара еліміздің табиғи зілзалаларға душар болған Болгариямен ынтымақтастық нышанын білдіреді. Табиғи зілзалалар мен техногендік сипаттағы оқыс оқиғалар қазіргі замандағы тағы бір қатерге айналды және одан ешбір ел сақтандырылмаған",- деді еліміздің дипломатиялық миссиясының жетекшісі Тимур Оразаев өткен аптада Софияда болған қайырымдылық көмекті табыс ету рәсімінде.

Болгария вице-премьері - төтенше жағдайларды жою жөніндегі министр Эмель Этем Қазақстан үкіметіне қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді. "Осынау достық сипаттағы мейірбандық шарасы Қазақстанның елімізге келген зілзала апатының залал-зардаптарын жоюға үлес қосуға жасаған шынайы талпынысын білдіреді",- деді ол.

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, тек 2005-жылы Болгарияға су тасқынынан келген шығын көлемі 1 млрд. доллардан асты. Соның салдарынан 2 млн. адам зардап шегіп, 22 адам қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны