23.01.2007, 16:00 3144

Қазақстан Бүкіләлемдік туристік ұйымның атқару кеңесіне мүше болуға талпынуда

АСТАНА. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан алдағы екі жылда Бүкіләлемдік туристік ұйымның атқару кеңесіне мүше болуға талпынуда. Бұл туралы бүгін туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде мекеме басшысы Темірхан Досмұхамбетов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің 2008-2009-жылдарда Бүкіләлемдік туристік ұйымның атқару кеңесіне мүшелікке өтуге ниетіміз бар. Бұл аса күрделі жұмыс. ТМД елдерінен бірде-бір мемлекет бұған дейін Бүкіләлемдік туристік ұйымның атқару кеңесіне мүше болмаған",- деді ол.

Бүкіләлемдік туристік ұйымға әлемнің 130 елі мүше. Қазақстан бұл ұйымға 1993-жылы мүшелікке өткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны