21.04.2008, 14:18 1599

Қазақстан делегациясы Аккр қаласында өтетін БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясының сессиясына қатысады

Қазақстан делегациясы Аккр қаласында өтетін БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясының сессиясына қатысады

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан делегациясы 20-25-сәуірде Гана астанасы Аккр қаласында өтетін БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) ХІІ сессиясына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Сессия аясында Қазақстан делегациясы жалпы отырыстар мен бірқатар арнаулы шараларда сөз сөйлейді", - деді Е. Ашықбаев.

Атап айтсақ, "Қазақстандық өкілдер "Дамушы елдер мен өтпелі экономикалы елдер арасындағы сауда мен инвестицияларды дамыту әлеуеті мен перспективалары" атты сессия мен теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер тобының кездесуіне қатысады.

Қазақстан 1992 жылдан бері мүше болып табылатын ЮНКДАТ БҰҰ Бас ассамблеясының сауда және даму жөніндегі бас органы болып табылады. Ұйым дамушы және дамыған елдер сауда-саттық проблемаларын шешу жөніндегі стратегиялық көзқарастарын дәйектейтін форум ролін 40 жылдан бері атқарып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны