09.06.2008, 17:31 2761

Қазақстан делегациясы Ауғанстанды қолдау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысады - СІМ

Қазақстан делегациясы Ауғанстанды қолдау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысады - СІМ

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР сыртқы істер вице-министрі Қайрат Сарыбай басқарған Қазақстан делегациясы Ауғанстанды қолдау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Парижде 12-маусымда Ауғанстанды қолдау жөніндегі халықаралық конференция өтеді, оған ҚР сыртқы істер вице-министрі Қайрат Сарыбай басқарған Қазақстан делегациясы қатысады", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, "әлемнің 60 елі мен халықаралық 17 ұйымнан келген конференцияға қатысушылар донор елдер тарапынан алдағы бес жылда Ауғанстанға көрсетілетін халықаралық көмекті үйлестіру мәселелерін талқыламақшы". "Конференцияда Қазақстан өкілі баяндама жасап, еліміздің Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі көзқарасы мен ұстанымдары жайлы таныстырады", -деді Е. Ашықбаев.

Қазір Қазақстан үкіметі 2007 - 2008 жылдарға арналған Ауғанстанға қолдау көрсету жоспарын жүзеге асыруда, онда түрлі салалардағы шаралар қарастырылған, сондай-ақ, Ауғанстанға қолдау көрсету жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған жаңа жоспардың жобасын жасауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны