10.06.2008, 18:11 2799

Қазақстан делегациясы Халықаралық Еңбек конференциясына қатысуда

Қазақстан делегациясы Халықаралық Еңбек конференциясына қатысуда

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бастаған Қазақстан делегациясы Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) Халықаралық Еңбек конференциясының 97-сессиясына қатысуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Швейцарияның Женева қаласында маусымның 9 - 13-і аралығында Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) Халықаралық Еңбек конференциясының 97-сессиясы өтуде. Онда "Лайықты еңбек бағдарламасының" іс-шаралар жоспарын іске асыру және ілгерілету мәселелерін, жаһандануға қатысты проблемалар мен оларды шешу жөніндегі шараларды талқылауға 67 елден келген делегат қатысады.

Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, ХЕҰ Конференциясының алғашқы күнінде Б.Сапарбаев Польша Республикасының Еңбек және әлеуметтік саясат вице-министрі Роасслав Млежкомен келіссөз жүргізді. Иріптестер өз елдеріндегі зейнетақымен қамсыздандыру және халықтың көші-қоны туралы ақпарат алмасты. Тараптар ынтымақтастық ниеті мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында Ведомствоаралық келісімнің жобасын әзірлеу және 2009 жылдың басында оған қол қою жөнінде хаттаманы дайындау қажеттігі туралы келісімге келді. Польша ведомствосының өкілі екі елдің ведомстволары арасында тығыз қатынас орнату үшін мұндай құжаттың маңыздылығын атап өтті.

Бердібек Сапарбаев Халықаралық Еңбек Конференциясында "Лайықты еңбек: болашаққа стратегиялық үн тастау" деген тақырыпта баяндама жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны