19.12.2007, 18:24 2970

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2008 - 2009 жылы мүшелікке өтуі мүмкін

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2008 - 2009 жылы мүшелікке өтуі мүмкін

Астана. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Егер келіссөздер барысында өз мүддесін қорғай алған жағдайда Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2008 - 2009 жылы мүшелікке өтуі мүмкін. Агенттік тілшісіне берген сұхбатында үкіметтегі ақпарат көзі осындай пікір білдірді.

"Егер келіссөздерде біз ұрыссыз түсіп берген болсақ, онда ұйымға тіпті күні ертең-ақ мүшелікке өтер едік. Бірақ президент Дүниежүзілік сауда ұйымына еліміз үшін ең қолайлы шарттармен мүшелікке өту туралы міндет қойды", -деді ол.

"Біз өзіміздің құқықтарымыз бен Қазақстандық компаниялардың мүддесін қорғап отырмыз. Егер оны келесі жылы үлгермесек, 2008 жылы мүшелікке өтеміз. Ол жүзеге аспаса келіссөздерді 2009 жылы да жалғастырамыз", - деді ол.

Ақпарат көзінің нақтылауынша, Қазақстан қорғап отырған позицияларға келсек, "ауылшаруашылығына субсидия бөлу мүмкіндігі, энергетикалық қауіпсіздікті сақтау мен тариф саясатын реттеу мүмкіндігі болмақ".

"Романтикалық нарық кезеңі келмеске кетіп барады, бәрі де мемлекеттік билік өзінің мүддесін қорғауға тиіс дегенді түсіне бастады. Биылғы жыл ұлттық үкіметтердің осындай құқығы болуға тиіс екендігін көрсетіп берді", - деді ол. "Батыс үкіметтерінде де мұндай құқық бар", - деді ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны