30.11.2007, 17:49 5954

Қазақстан ЕҚЫҰ басшысы өкілдерінің мандатын ұзартуды қолдайды - ҚР СІМ

Алматы. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қазіргі басшысының діни толеранттылық және дін бостандығы жөніндегі үш жеке өкілінің мандатын ұзартуды қолдайды. Бұл туралы бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің 15 отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік.


"Біздің осы принциптерді ілгерілетудегі тәжірибеміз басқаларға үлгі боларлық. Қазақстан Илемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің құрылтайын екі мәрте өткізді. Онда дүниежүзіндегі негізгі конфессиялардың жетекшілері жиналды. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның толеранттылық жөніндегі жоғары деңгейлі кеңесін өткіздік. Біздің еліміз "Өркениеттер альянсы" достары тобының мүшесі болып табылады", -деді М.Тәжин өз баяндамасында.

ҚР СІМ басшысының айтуынша, Қазақстанның гуманитарлық саладағы ең бір елеулі жетістігінің бірі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ете алғандығы екені жаппай мойындалды. Діндер мен халықтар арасындағы диалогты нығайтуға қосымша екпін түсіру уақыттың қатаң талабы болмақ.

"Жалпы алғанда біз гуманитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып, осы ұйымның кеңістігінде қажетті болуы мүмкін тәжірибемізбен бөлісуге ниетіміз бар", - деп мәлімдеді М. Тәжин.

Сонымен бірге ҚР СІМ : "біз ЕҚЫҰ іс-қызметінің басты бағыты - адами өлшемдер деп санаймыз. Сол себепті де Қазақстан осы "қоржынның" аясындағы кең ауқымды мәселелерге басым назар аударады",- деп атап өтті.

М. Тәжин сондай-ақ, Қазақстанның Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросын және оның мандатын сақтап қалуға міндеттеме жүктейді және оларды әлсіретуге бағытталған қандай да бір болашақ талпыныстарды қолдамайтын болады, деп сендірді. "Болашақ төраға ретінде Қазақстан әділетті әрі обьективті лидер болуға міндететеме ала отырып, Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы мен оның мандаты үшін проблема туғызатын қандайбір ұсыныстарды қолдамайды", - деді министр.

М. Тәжиннің пікірінше, бір кезде шиеленістерді бәсеңдету құралы ретінде құрылған ЕҚЫҰ әскери-саяси қауіпсіздікті қолдау саласындағы халықаралық -құқықтық құжаттарды орындаудың әрекетке қабілетті механизмі болып қала беруге тиіс. "Өңірлік қауіпсіздікті белсенді қорғаушы ел ретінде, дүниежүзіндегі қуаты жағынан төртінші орындағы ядролық қару қорынан өз еркімен бас тартқан Қазақстан Орталық Азия мен жалпы ЕҚЫҰ кеңістігінде тұрақтылықты сақтау саясатын одан әрі жүргізе береді", - деп сендірді ҚР СІМ.

"Біз Ауғанстандағы шиеленістерден кейінгі реттеу жұмыстары барысындағы біздің ұйымның ролін күшейте түсуге бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Біз Ауғанстан үшін басымдық берілген әлеуметтік -экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін шұғыл шараларды қабылдау қажет деген пікірге қосыламыз. Жалпы осы елде ЕҚЫҰ-ның ролін күшейту керек деген идеяны қолдай отырып, және оны уақытын тапқан әрі пайдалы деп санай отырып, тиісті шаралар қолданылады деп сенеміз", - делінген баяндамада.

М. Тәжиннің айтуынша, "Қазақстан экономикалық реформаларды ілгерілету, бұрынғы Семей ядролық полигонындағы және Аралдағы күрделі экологиялық проблемаларды шешу салаларындағы өзінің тәжірибесімен мақтанады. Біздің пайымдауымызша, ұйым экономикалық және экологиялық салалардағы өзінің белсенділігін біршама арттыруға тиіс", - деді ҚР СІМ.

Сыртқы саясат мекемесінің басшысы сонымен бірге "ЕҚЫҰ -ына мүше елдердің аясында жарияланған тең құқылылық пен өзара сыйластық принциптері оның барлық іс-қызметі салаларына таралуға тиіс, деп мәлімдеді. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы лауазымын иемдену құқығын пайдалануға тырысуын біз еліміздің 16 жылдық тәуелсіз саяси және экономикалық дамуның логикалық бір кезеңі деп қабылдайтынымызды тағы бір растауға дайынбыз. Бұл талпыныс біздің дүниежүзіндегі қауіпсіздікті сақтауға қатысты тұжырымдамалық көзқарасымыздың маңызды бір элементі болып табылады. Оның түп-төркіні туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕҚЫҰ-ның 1996 жылы Лиссабонда өткен саммиттегі сөзінде көрініс тапты",- деді М.Тәжин.

ҚР СІМ сонымен бірге Қазақстанның ТМД мемлекеттері ұсынған ұжымдық кандидат екенін атап өтті. "Бұнымен шектелмей, біздің өтінішімізді ЕҚЫҰ-ына мүше елдердің басым бөлігі қолдап отыр. Мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің кандидатурамызға қолдау білдірген барлық елдерге біздің шынайы ризашылығымыз бен алғысымызды жеткізе кеткенді жөн көрдім", - деді М. Тәжин сөз соңында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны